Гиннесс рекорды: өзбекстандық спортшылар ұшақты сүйретуден үздік деп танылды

Рекорд Гиннесса по буксировке самолета установили узбекские атлеты
Фото: Өзбекстанның бодибилдинг федерациясы

АСТАНА. KAZINFORM – Өзбекстандық спортшылар салмағы 13,5 тонна ұшақты 100 метр жерге 46,7 секундта сүйретіп, Гиннесс рекордын жаңартты.

Guinness World Records хабарлауынша, рекорд 15 мамырда Ташкент әуежайында Гиннесc рекордтар кітабының комиссары Мбали Масечаба Нкосидің қатысуымен орнатылған.

Өзбекстанның Бодибилдинг және фитнес федерациясының командасы салмағы 13,5 тонна Silk Avia ATR 72−600 лайнерін 100 м қашықтыққа 46,7 секундта сүйреп апарып, әлемдік рекорд орнатты.

Команда құрамына Бекзод Худойкулов, Шерзодбек Гайназаров, Фарход Дадамухамедов, Умид Хусанов, Бахшулла Сайфуллаев және Аброрбек Фозилов кірді.

Рекорд бірінші әрекетте орнатылды. Гиннесс рекордтар кітабының бастапқы шарты оны 60 секунд ішінде орындау болды. Алдын ала дайындық кезінде спортшылар әртүрлі нәтиже көрсетті, бірақ 15 мамырда көрсеткен 46,7 секунд үздік болды.

Соңғы жаңалықтар
telegram