Гиннестің Рекордтар кітабы 3 мыңдай дайвердің есімімен толығады
АСТАНА. Тамыздың 20-сы. ҚазАқпарат - Жексенбі күні үш мыңдай аквалангшы Индонезияның Сулавеси аралының маңында бірдей суға сүңгіп, жаңа әлемдік рекорд орнатты,
деп хабарлады «Антара» ақпарат агенттігі.
"Жексенбі күні таңертең 2861 дайвер Солтүстік Сулавеси провинциясының Манадо қаласында Малалайянг жағалауында суға бірдей сүңгіп, 979 аквалангшының бұған дейінгі рекордын жаңартты», делінген хабарламада.
Жаңа рекорд Гиннестің Рекордтар кітабына жазылады.