Гиннестің рекордтар кітабы ғаламшардың ең кәрі егіздерін атады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жапонияда 107 жыл және 300 күннен астам өмір сүрген апалы-сіңлілі Умено Сумияма мен Коуме Кодама ғаламшардың ең кәрі егіздері атанып, Гиннестің рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС агенттігіне сілтеме жасап.
None
None

Олар 1913 жылы Кагава префектурасының Сёдо аралында дүниеге келген. Уменоның төрт, ал Куменің үш баласы бар.

Қазіргі кезде Умено мен Куме елдің түрлі бөлігіндегі қарттар үйінде тұрып жатыр. Гиннестің рекордтар кітабына енгені туралы сертификаттар коронавирус пандемиясына байланысты пошта арқылы жіберілген.

Жаңа рекорд Жапонияда жыл сайын атап өтілетін Қарттарды құрметтеу күніне орайластырылған.

Умено Сумияма мен Коме Кодама бұған дейін 2000 жылы жапондық апалы-сіңлілі егіздер Кин мен Джиннің рекордын жаңартты. Олардың жасы 107 жыл, 175 күнге толған еді. Кин 2000 жылдың қаңтарында, ал Джин бір жылдан кейін, 108 жасында қайтыс болған. Соңғы жылдары Ногояда апалы-сіңлілі кейуаналар ерекше танымал болған еді.

Жапония – әлемде ұзақ өмір сүрушілері ең көп ел.

Гиннестің рекордтар кітабының мәліметінше, әлемде жасы ең үлкен әйел 118-де – бұл титул Жапонияның Фукока аралында тұратын Кане Танакаға тиесілі. Жасы ең үлкен ер адам – 1908 жылы дүниеге келген пуэрторикандық Эмилио Флорез Маркез, ол 112 жаста.

Әлемде өмір сүрген ең кәрі адам француз әйелі Жанна Кальман еді (122 жас, 164 күн). Ер адамдар арасында бұл рекордты 116 жыл және 54 күн өмір сүрген жапондық Титэцу Вата
Соңғы жаңалықтар