Гиннестің Рекордтар кітабына 55 жыл толды

АСТАНА. Тамыздың 27-сі. ҚазАқпарат - Бүгін Гиннестің Рекордтар кітабының жарық көргеніне 55 жыл болады. Кітаптың бірінші басылымында 198 бет болған және ол тек сыра әуесқойларына ғана арналған болатын, деп хабарлайды «Маяк» радиосы.

Гиннестің  Рекордтар кітабына 55 жыл толды

Кітаптың өзі тираж саны бойынша да абсолюттік рекорд орнатқалы қашан. Бүгінде оның жалпы тиражы 100 миллионнан асады. Және бұл басылым американдық кітапханалардан жиі ұрланатын кітап атанып отыр.

Гиннестің Рекордтар кітабының ағылшын тіліндегі басылымы қазіргі таңда әлемнің 40 елінде жарық көреді.