Гиннестің рекордтар кітабына кірген домбыра - ФОТО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алтай аймағы Буыршын ауданының Егізтөбе ауылындағы шебер азамат Болатбек Кірімқанұлы сиырдың мүйізін кәдеге жаратуда.

Гиннестің рекордтар кітабына кірген домбыра - ФОТО

Болатбек өткен жылы күзден бастап, 145 мың юаньның (23 мың АҚШ доллары) тапсырысын алып, мүйізден рөмке және тарақ, өзге де бұйымдарды жасауды қолға алған. Қазір олардың тең жартысын болып, қалғанын биыл қыркүйек айына дейін бітіруді жоспарлап отыр. Шебер қолөнерге керек мүйізді Үрімжі қаласындағы қасапханалардан әр келісін 25 юаньнан бөлшек бағамен сатып алады. Мүйіздерді неше рет қайнатып, ішкі өзегін алып, күлімсі иісінен арылтады. Және арнайы сұйықтықтармен тазалап жуып, ең соңында аспаппен сыртын ысып майдалап, ешқандай бояу істетпей мүйіздің табиғи реңі бойынша өңдеп шығарады.

Бұл әрі көркем әрі залалсыз тұтыну бұйымына айналып, көрген адамды өзіне тартады.

Сондай-ақ, Болатбек - әлемдегі ең кішкене домбыра жасап, Гиннестің рекордтар кітабына кіргенін растайтын №01-1201-09541 куәлігін алған азамат. Аталған домбыра қызыл ағаштан қиюластырып жасалған. Ол күй аспабына тән барлық шарттарға сай. Инемен іліп шертуге ғана болатын «рекорд иесінің» үлкендігі адамның шынашағына да жетпейді. Яғни, ұзындығы - 4,5 см, ені - 1,4 см, биіктігі 1,2 см ғана.