Гиннестің Қазақстан туралы ең бірегей рекордтары
АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін – Гиннестің дүниежүзілік рекордтар күні. Осыған байланысты Kazinform Қазақстан туралы ресми тіркелген ең бірегей рекордтарға шолу ұсынады.


Теңізге шығар тура жолы жоқ ең ірі мемлекет
Қазақстан аумағының көлемі бойынша әлемде тоғызыншы орындағы ел екені, аумағының көлемі 2,7 млн шаршы шақырымды алып жатқаны белгілі. Гиннестің рекордтарына еліміз осынша аумағы бола тұрып теңізге шығар тура жолы жоқ ең ірі мемлекет ретінде тіркелген. Жалпы Қазақстан Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан елдерімен шектесіп тұр. Дегенмен, Қазақстан аумағына әлемдегі ең ірі көл саналатын Каспидің бір бөлігі еніп жатыр.
Ең дархан құрғақ дала Қазақстандағы құрғақ даланың ауқымы 804 500 шаршы шақырымға жайылған. Сондықтан елімізді әлем ең ірі құрғақ даласы бар мемлекет деп біледі. Орал тауынан Алтайға дейінгі аумаққа созылып жатқан дархан даланың төсін 1950 жылдардағы тың игеруге дейін мал мен ең еркін жайлап келді.

Бокстағы «қазақ салмағы»
2016 жылы Бразилияның Рио-де-Жонейро қаласында өткен жазғы Олимпиада ойындарында 69 келі салмақта өнер көрсеткен боксшы Данияр Елеусінов алтын медаль иеленді. Осылайша Бақтияр Артаевтың 2004 жылғы, Бақыт Сәрсекбаевтың 2008 жылғы, Серік Сәпиевтің 2008 жылғы жетістігін қайталады. Қатарынан 4 Олимпиадада бір салмақтан 4 «алтын» алған Қазақстан боксшыларының жетістігінен кейін 69 кел салмақты спорт сарапшылары бокстағы «қазақ салмағы» деп атап кетті. Бұл да Қазақстан туралы ресми тіркелген ерекше рекордтың біріне жатады. Блиц жарысында ең жас әлем чемпионы атанған шахматшы Бибісара Асаубаева 2021 жылы Польша астанасында шахматтың әйелдер арасындағы блиц жарысында әлем чемпионы атанған кезде 17 жас 307 күнге толған. Осылайша ол аталған сайыс түрінен әлемнің ең жас чемпион бойжеткені атанды.

Ең алып бауырсақ
2014 жылы «Эра» телеарнасы (қазіргі 7-арна) Алматыда әлемдегі салмағы 856 килограмм болатын ең алып бауырсақ пісіріп, жұртты өздеріне қаратты. Бұл рекорд 2024 жылы тағы бұзылды. Қостанай облысындағы «Бауырсақ Fest» фестивалінде 2 339 килограмм 650 грамм пісірлген болатын.

Ең көпұлтты оркестр
2022 жылдың 6 қыркүйегінде Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында 51 ұлттың өкілі бір оркестрдің құрамында саз ойнап тағы бір ерекше рекордты тіркеді. Бұл Қазақстан халқының бірлігін көрсету үшін ұйымдастырылған іс-шара болатын.

Түнгі сырғанаққа арналған ең биік шаңғы шатқалы
Шымбұлақ шаңғы шатқалы әлем бойынша түнгі сырғанаққа арналған ең биік шаңғы шатқалы болып есептеледі – теңіз деңгейінен 2 300 метр биікте жатыр.