Гипермаркетке түнеп, білгенін істеген тиктокерлер құрықталды

Қазақстанның қалаларының бірінде гипермаркетке түнеп қалып, білгендерін істеген топ құрықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Гипермаркетке түнеп, білгенін істеген тиктокерлер құрықталды

Полиция 13 қыркүйек күні TikTok әлеуметтік желісін бақылау барысында төрт жас жігіт «Анвар» гипермаркетінде оның жабылуын күткен видеоконтентті анықтады.

«Олар іште қалып, мінез-құлық мәдениетіне сәйкес келмейтін әрекеттерге барған. Құқық бұзушылар жеке күзет мекемесінің жедел әрекет ету тобының қызметкерлерімен ұсталып, кейін олар мән-жайды анықтау үшін полицияға тапсырылды», - деп жазды ІІМ-нен.

Бұзақылар ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімі шыққанға дейін уақытша ұстау изоляторына қамалды.