Гиперреалист мүсінші Айдос Есмағамбетов ерекше бауырсақ жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Гиперреалист мүсінші Айдос Есмағамбетов шынайы кейіпке жақын жасалған мүсіндерімен танымал. Ол Құрбан айт күндері силиконнан бауырсақ әзірледі.

Гиперреалист мүсінші Айдос Есмағамбетов ерекше бауырсақ жасады

Ол «бауырсағының» суретін Инстаграмдағы парақшасында жария етті. 

«Анам Айт күнінде бауырсақ пісірсе, мен силиконнан бауырсақ жасау үстіндемін», - деп ждазды ол.

Оның айтуынша, силикон «бауырсақты» мұражай тапсырысы әзірлеген.   
Айдос - Арқалық тумасы, ол Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының түлегі.