Гитлердің картинасы Германияда бәссаудаға шығарылмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Немістердің Weidler аукцион үйі Адольф Гитлер салған «Старая ратуша» картинасын сатылымға шығарды, деп жазады РБК.

Гитлердің картинасы Германияда бәссаудаға шығарылмақ

22 қарашада өтетін бәссаудаға қойылатын картинаның бастапқы бағасы 3,1 мың АҚШ долларын құрап отыр.

Картина 1914-1915 жылдары акварельмен салынған. Сонымен бірге жиынтықта оның түпнұсқа екендігін дәлеледейтін арнайы сертификат бар. Картинадан түскен қаражаттың 10 пайызы қайырымдылыққа жұмсалмақ. Айта кетейік, бұған дейін Weidler Гитлердің 5 картинасын сатқан болатын. Олардың ішіндегі ең қымбаты 2012 жылы 40 мың долларға сатылған.