Ғизат Нұрдәулетов Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы лауазымынан босатылды
АСТАНА. KAZINFORM — Ғизат Нұрдәулетов Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
— Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғизат Дәуренбекұлы Нұрдәулетов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы лауазымынан босатылды, — делінген Ақорда хабарламасында.
Құқық қорғау (прокуратура, мемлекеттік тергеу комитетінің органдары) және мемлекеттік арнайы органдарда (ұлттық қауіпсіздік органдары) қызмет ету (1990-2017)
ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары (2017-2019)
ҚР Бас прокуроры (2019-2022)
Президент көмекшісі — Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы (25.02.09.01.2022.2023)
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы (01.09.2023 бастап)
Білімі
С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті (1986)
Заңгер
Марапаттары
II дәрежелі «Айбын», I және II дәрежелі «Даңқ» ордендерінің кавалері