Glamour журналы әнші Рианнаны «Жыл әйелі» деп атады

АСТАНА. Қарашаның 5-і. ҚазАқпарат - Сән туралы Glamour журналы 2009 жылғы басты әйелдердің тізімін жариялады,

Glamour журналы әнші Рианнаны «Жыл әйелі» деп атады

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента. Ру сайтына сілтеме жасап.

Бұл жөнінде журналдың желтоқсандағы нөмірінде айтылған. Басқалармен қатар, рейтингке АҚШ-тың бірінші ханымы Мишель Обама , теннисші Серена Уильямс және модельер Стелла Маккартни енген.

Поп-әнші Рианна жылдың ең басты әйелі болып танылды. 2009 жылы Рианна БАҚ-тың назарына өзінің жігіті Крис Браунмен жанжалды оқиғаға байланысты ілінген болатын. Ақпанда ол әншіні соққыға жыққан еді. Glamour 21 жасар Рианнаның мінез-құлқы оның рейтингте бірінші орын алуына негізгі себептердің бірі болғанын атады. Қарашаның 23-інде әншінің «Rated R» деген атаумен жаңа альбомы шығады.

 Тізімде екінші орынды Калифорнияның губернаторы Арнольд Шварценеггер дің әйелі, сондай-ақ белгілі тележурналист және жазушы Мариа Шрайвер иеленді. Үшінші жолға модельер және The Beatles қатысушысы Пол Маккартни дің қызы Стелла орналасты. 2009 жылғы әйелдер рейтингінде Мишель Обама айрықша назарға алынды.