Глазгода полициялық тікұшақ сырахана ғимаратына құлады
АСТАНА. 30 қараша. ҚазАқпарат - Шотландиялық Глазго қаласында полициялық тікұшақ сырахана орналасқан ғимаратқа құлады. Соңғы мәліметтер бойынша апат салдарынан бірнеше адам жарақат алды.
Бұл оқиға жұмадан сенбіге қараған түнде орын алған. Апат кезінде ғимаратта 100-ден астам адам болған көрінеді. Сонымен қатар тікұшақта екі полиция қызметкері мен азаматтық авиацияның ұшқышы болған. Апат орнына құтқару қызметтері мен «жедел жәрдем» көліктері тартылды.