Глеб Коваленя жүзуден Астанадағы әлем Кубогында ТОП-5 қатарынан көрінді

АСТАНА. KAZINFORM — Жүзуден ұлттық құрама спортшысы Глеб Коваленя Астанада өтіп жатқан Silk Road Tour сериясындағы әлем Кубогы кезеңінде 50 метрге еркін әдіспен жүзуде үздік бестікке енді, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Глеб Коваленя жүзуден Астанадағы әлем Кубогында ТОП-5 қатарынан көрінді
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Отандасымыз бұл қашықтықты 21,22 секундта жүзіп өтіп, Қазақстан рекордын жаңартты. 

  • Камерон Макэвой — 20,19 секунд 
  • Егор Корнев — 20,59 секунд
  • Айзек Купер — 21,13 секунд 
  • Шон Ньеволд — 21,14 секунд 
  • Глеб Коваленя — 21,22 секунд
Глеб Коваленя жүзуден Астанадағы әлем Кубогында ТОП-5 қатарынан көрінді
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Айта кетейік, Астана 15–17 қазан аралығында Silk Road Tour сериясындағы әлем Кубогы кезеңін алғаш рет қабылдап отыр. Байрақты бәсекеге әлемнің 41 елінен 400-ге жуық спортшы қатысып жатыр.

Бұған дейін екінші жарыс күніндегі іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының алты өкілі финалға жолдама алғанын жазғанбыз.