«Глонасс-М» үш ғарыш аппараты Байқоңырдан бір тәулікке кешігіп ұшырылады

БАЙҚОҢЫР. 3 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін «Байқоңыр» ғарыш айлағынан Астана уақытымен 18 сағат 55 минутта ұшырылады деп жоспарланған «Бриз-М» зымырантасымалдағышы және «Глонасс-М» ғарыш аппараты бар «Протон-М» ғарыш зымыраны бір тәулік кешігіп ұшырылатын болды,

 «Глонасс-М» үш ғарыш аппараты Байқоңырдан бір тәулікке кешігіп ұшырылады

деп хабарлайды Ресейғарыштың баспасөз қызметі.

Бүгін таңертең зымыранның ұшуға дайындығын тексеретін мемлекеттік комиссия оны отын құрамдас бөліктерімен толтыру туралы шешім қабылдаған. Алайда бірнеше сағаттан кейін баспасөз қызметі «Бриз-М» зымырантасымалдағышы және «Глонасс-М» ғарыш аппараты бар «Протон-М» ғарыш зымыраны техникалық себептерге байланысты 2011 жылдың 4 қарашасында ұшырылатын болды деп хабарлады.