ГЛОНАСС-тың үш серігінің жоғалып кетуіне байланысты "Энергия" мен Ресғарыш басшылығы жазаға тартылды

АСТАНА. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат /Сара Қабиқызы/ - ГЛОНАСС-тың үш серігінің жоғалып кетуіне байланысты "Энергия" РКК басшысы Вячеслав Филин мен Ресғарыш бастығының орынбасары Виктор Ремишевский жұмысынан босатылып, Ресғарыштың бастығы Анатолий Перминовке сөгіс берілді.

ГЛОНАСС-тың үш серігінің жоғалып кетуіне байланысты "Энергия" мен Ресғарыш басшылығы жазаға тартылды

Бұл туралы Кремльдің баспасөз қызметі хабарлады.

"РФ Вице-премьері Сергей Ивановтың Ресей Президенті Дмитрий Медведевке берген есебінің қорытындыларына сәйкес, ДМ-3-тің жылдамдық блогындағы жанармай құюға қатысты есептерде қателік жібергендері үшін "Энергия" РКК вице-президенті, бас конструкторы Вячеслав Филинді және Ресғарыш бастығының орынбасары Виктор Ремишевскийді қызметтерінен босату жайлы шешім қабылданды″, - деп хабарлады дереккөз.