«ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының директорлар кеңесіне жаңа төрайым сайланды

АСТАНА. Мамырдың 29-ы. ҚазАқпарат - «ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің 2009 жылғы мамырдың 15-індегі шешімімен Қордың Директорлар Кеңесінің Төрайымы лауазымына Дина Ғалиева сайланды.

«ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік  қоғамының  директорлар кеңесіне жаңа  төрайым сайланды
ҚазАқпаратқа бұл туралы акционерлік қоғамның баспасөз қызметінен хабарлады. Қор акционерлерінің 2009 жылғы сәуірдің 29-ында өткен жалпы жиналысының шешімімен, Дина Ғалиева Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары - Қор акционерінің өкілі ретінде Директорлар кеңесінің құрамына кірген еді. Д.Ғалиева Қазақстан Республикасы Президентінің шешімімен 2009 жылғы наурыздың 3-інен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары лауазымын атқарып келеді.