Голан жоталарында қазақстандық бітімгерлер алғашқы жаттығуын пысықтады

Казахстанские миротворцы отработали первую тренировку на Голанских высотах
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық бітімгерлік ротаның жедел әрекет ету күштері ирландиялық әріптестерімен жараланған адамды эвакуациялау бойынша бірлескен жаттығу өткізді, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

миротворцы
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, дабылмен көтерілген бөлімше тез арада Голан жоталарында БҰҰ миссиясының жауапкершілік аймағындағы базадан бірнеше шақырым жерде орналасқан бақылау бекетіне кетті.

Жаттығудың бірінші кезеңінде бекеттің аумағын тазарту және тексеру жұмыстары жүргізілді.

миротворцы
Фото: ҚР Қорғаныс минситрлігінің баспасөз қызметі

Содан кейін медициналық бөлім жараланған адамға жедел көмек көрсетті. Ол арнайы жабдықталған бронды дөңгелекті көлікпен эвакуацияланды.

Қазақстандық бітімгерлер миссияның жауапкершілік аймағындағы бақылау бекеттерін күшейтуге жауапты екенін атап өткен жөн. Қажет кезде олар эвакуация да жүргізеді.

миротворцы
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

 

Соңғы жаңалықтар