Голан жоталарында Қазақстанның Мемлекеттік туы көтерілді

әскер
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

АСТАНА. KAZINFORM - Голан жоталарындағы Фауар бітімгерлік базасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеру салтанатты рәсімі өтті. Отан қорғаушы күні орын алған бұл тарихи оқиға символдық маңызға ие.

әскер
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Салтанатты іс-шараға миссия командирі генерал-лейтенант Курмал Нирмал және миссия құрамындағы бітімгерлік контингенттердің басшылары қатысты.

Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгерлік миссиясын өз бетінше орындауға мандат алуы – ел әскери қызметшілері дайындығының жоғары деңгейін және әлемдік аренадағы беделін мойындаудың дәлелі.

әскер
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

БҰҰ миссиясының мандатына сәйкес Голан биіктігінде 139 қазақстандық қарсылас тараптар арасында атысты тоқтату режимін сақтау міндеттерін орындайды.

- Қазақстанды мемлекеттен тыс жерде таныстыру - үлкен мәртебе және жауапкершілік, - деп атап өтті ұлттық бітімгерлік контингенттің командирі подполковник Жігер Аипов.

- Еліміздің көк туы бейбітшілік пен тұрақтылықтың үміттің символы болсын !

әскер
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Қазақстандық бітімгерлік контингент миссия қолбасшысының резервтік ротасы бола отырып, жауапкершілік аймағында патрульдеу, блок-бекеттерін күзету және жарылыс қаупі бар заттарды тазарту жөніндегі міндеттерді орындайды.

Бітімгерлік ротаның жеке құрамы миссия штабы орналасқан Фауар базасында шоғырланған. Өздеріне жүктелген міндеттерді тиімді орындау үшін қазақстандық бітімгерлер барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етілген.

әскер
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

 

Соңғы жаңалықтар