Голланд сүтінен у табылды

АСТАНА. 4 наурыз. ҚазАқпарат - Екі голланд фирмасында сүттен өте қауіпті у - афлатоксин табылды. Бұл туралы бүгін Нидерланды сүт өнеркәсібінің ұйымы хабарлады.

Голланд сүтінен у табылды

Айта кетейік, сүттен табылған афлатоксин заты өңездің бірнеше түрі өндіретін күшті канцероген болып табылады. Дегенмен қауымдастық бұл фермалардан жұқтырылған сүт Голландия дүкендерінің сөрелеріне жетпегендігін алға тартуда.

Бұған дейін Германияда және Сербияда «афлатоксин дауы» туындаған болатын.