08:50, 03 Шілде 2010 | GMT +5
Голландия бразилиялықтарды 2:1 есебімен қапы қалдырды
АСТАНА. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат - Әлем чемпионаты ойынының алғашқы минуттарынан басымдықты қолдарына алғанымен, бразилия құрама командасы екінші таймда белсенділіктерін уыстарынан шығарып алды. Сөйтіп голландиялықтар әлемнің бес дүркін чемпиондарын қапы қалдырды. Ширек финалда қай команда да барлық күштерін салатыны бесенеден белгілі. Алайда бразилиялықтар екінші кезеңде жүйкелері сыр беріп, көптеген қателіктер жіберді, деп хабарлайды чемпиондар лигасының ресми сайты ru.uefa.com.

Бразилиялықтар алғашқы таймда Робиньоның дәл соққысынан қарсыластар қақпасына доп енгізіп, есеп ашты. Алайда Дунгидің командасы екінші таймның 53-ші минутында Фелипе Мело баспен ұрып, өз қақпасына доп жіберіп алғаннан кейін шаруалары шашыла бастады. Одан кейін 15 минут өткенде бразилиялықтар қорғаныста өрескел қателік жіберіп, «қызылсарылықтарының» мерейінің үстем шығуына жол ашты. Осы голдан кейін көп өтпей жатып, Мело қызыл карточка алды. Нәтижесінде голландиялықтар 1974 жылдан бері бразилиялықтарды әлем чемпионатында тұңғыш рет жеңіп отыр