Голландия мен Дания құрамалары арасындағы матч 2:0 есебімен аяқталды
АСТАНА. Маусымның 14-і. ҚазАқпарат - Оңтүстік Африка Республикасында өтіп жатқан футболдан әлем чемипионатының Е тобындағы голландтықтар мен даттықтар арасындағы алғашқы ойын Нидерланды құрамасының жеңісімен аяқталды, есеп 2:0.
Ойынның 46-шы минутында Дания құрамасының жартылай қорғаушысы Симон Поульсен өз қақпасына гол соқты. 85 минутта соғылған екінші голдың авторы Голландия құрамасының шабуылшысы Дирк Кюйт.
Е тобындағы тағы бір жұп Жапония мен Камерун арасындағы ойын бүгін мәскеу уақыты бойынша 18:00-де басталды.