Голландия тәлімбағынан екі жолбарыс қашып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Олдеберкуп кентіне жақын жердегі голландиялық тәлімбақтан екі жолбарыс қашып кетті, деп хабарлайды Рейтер агенттігі.

Голландия тәлімбағынан екі жолбарыс қашып кетті

Жергілікті тұрғындарға үйден шықпау керектігі ескертіліп, екі жыртқыш тікұшақ көмегімен іздестірілуде.

Тікұшақта транквилизатор (ұйықтатын) ататын қаруы бар ветеринар бар, әрі іздестіру жұмысына барлық полицей жұмылдырылған. Аталмыш кентте шамамен 1 500 адам тұрады.

Олдеберкупте екі жыртқыштар тәлімбағы бар. Олар цирктер мен зообақтарға қажетсіз жыртқыштарды алып күтіп-баптап Африканы оңтүстігіндегі үлкен тәлімбақтарға жіберумен айналысады.