Голландияда пойыздар жел энергиясына көшті
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап, голландияда барлық пойыздар толықтай электр қуатына көшті. Ол жел генераторымен өңделеді. Бұл туралы Nederlandse Spoorwegen ұлттық темір жол компаниясы хабарлады, деп жазады утро.ру.
Екі жыл бұрын Nederlandse Spoorwegen елдің темір жолдарына баламалы энергия көздерін әзірлеуге, енгізуге тендер жариялады. Бұған Нидерландыдағы жел электр генераторларының санын ұлғайту шарасы ықпал етті. Байқауды голландиялық Eneco компаниясы ұтып алды.
Бір жел генераторы бір пойыздың бір сағатта 20 шақырымға жуық қашықтыққа қозғалысын қамтамасыз етеді. Бір күнде Nederlandse Spoorwegen 5,5 мың пойызбен жарты миллионнан астам жолаушы тасымалдайды.