01:05, 17 Қазан 2012 | GMT +5
Голландиялық Роттердамда атақты суретшілердің жеті картинасы қолды болды
АСТАНА. 17 қазан. ҚазАқпарат - Голландиялық Роттердамда ХІХ-ХХ ғасырлардағы атақты суретшілердің жеті картинасы «Кюнстхал» галереясынан жоғалды, деп хабарлады Би-Би-Си-дің орыс қызметі.
Ұрылар мұражайға түнде кірген. Мұражай басшылығының айтуынша, Анри Матисстің «Оқып отырған әйел», сондай-ақ Пабло Пикассоның «Арлекиннің басы», Клод Моненің екі полотносы, Люсьен Фрейд пен Поль Гогеннің бір-бірден картинасы ұрланған.
Нидерланды полициясы мұражайдың бейнебақылау жазбаларын зерделеп, ұрлықшылардың куәгерлерін іздестіруде