Голландиялық саяхатшылар жетім балалар мәселесіне назар аудара отырып, Жібек жолы туралы деректі фильм түсірмек

АЛМАТЫ. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін Алматыға жол-жөнекей Жібек жолын зерттеуші голландиялық Марк ван дер Верфф және Сандер Парментье есімді саяхатшылар келді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Олар Роттердамнан Шанхайға дейін және жүрген жолдарымен қайтадан жүріп өтуге бел буыпты. «30 000 шақырым болатын бұл жолды жүріп өтуіміз үшін шамамен 6 айдай уақыт керек. Бұл квадроцикл жайдан-жай таңдап алынған жоқ, өйткені бұл жолда далалар мен қиындықпен өтетін биік таулар, тіпті шөлді жерлер де бар. Бірақ, біз үшін бағындырылмайтын биік таулар мен асулар жоқ», деді голландиялық саяхатшы Марк ван дер Верфф. Оның айтуынша, саяхат барысында екі саяхатшының басынан кешкен оқиғалары жайлы «Бұл керемет өмір» атты деректі фильм түсірілетін болады. «Фильмде екі кір-кір болған саяхатшының қызыққа толы оқиғаларымен қатар, Жібек Жолы бойындағы ең әсем де көркем жерлер, табиғаттың тылсым жаны баяндалатын болады», деп атап өтті Марк ван дер Верфф.

«Көне Жібек жолы маңызды сауда жолы ретінде қайтадан жанданады деп санаймыз, өйткені бұл жолда мәдени құндылықтар, білім, дін, технологиялар және өмірдің жақсы болатынына деген сенім тоғысқан. Жарты әлемге созылған бұл саяхатымызда біз адамдардың өмірін жақсартуға септігін тигізетін батыл да шығармашылық идеяларды көрсететін боламыз», деді Сандер Парментье.

Саяхатшылар сапары барысында жетім балаларға құрылып жатқан жанұялар SOS Children's ауылдарына назар аудармақ. «Біз бірнеше ауылға барып қана қоймай, бұл мәселеге назар аудартып, оларға мейлінше көбірек қайырымдылық көмек жинайтын боламыз», деді Марк ван дер Верфф. Сандер Парментьенің айтуынша, саяхат барысында олар орындайтын тапсырмаларға дауыс берілетін болады. «Біздің сайтқа жолданатын дауыстар SOS балалар ауылы қорына жарна ретінде қабылданады. Қандай тапсырмаға көп дауыс жиналса, яғни көп ақша жиналса, біз соны орындайтын боламыз. Ол жайындағы ақпараттар біздің сайтта (http://silkoffroadsurvival.com/trip-2/the-trip?lang=en ) жарияланатын болады», деді ол.

Марк ван дер Верфф 29 жаста, Нидерланды полициясында қызмет жасайды. Ол сонымен қатар, су асты жүзу инструкторы. Ол Сирия, Ливан, Иран елдерінде жалғыз саяхат жасаған.

Сандер Парментье 42 жаста, Гаагада тәуелсіз суретші. Ол көптеген елдерге саяхат жасаған. Басқа елдердің мәдениетімен танысқанды ұнатады екен. 2008 жылы Қытай елінде 3 ай саяхат жасаған. Ал, бұл сапарға дейін Оңтүстік Америкада саяхат жасап келген.

Саяхаттың ұйымдастырушысы қазақстандық «Burdock Inco Recruitment Services» (Бурдок Инко Рекрутмент Сервисез) компаниясы.

Соңғы жаңалықтар