18:00, 03 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Голландиялық теңіз-қарулы күштері сомалилік қарақшыларды ұстады
АСТАНА. Желтоқсанның 3-і. ҚазАқпарат - Оман жағалауларында голландиялық теңіз-қарулы күштері бір топ сомалилік қарақшыларды ұстады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.
Evertsen фрегатының экипажы қарақшылық жасайды деген күдікпен 11 адамды ұстады. Ұсталғандар Кенияның үкіметіне немесе Сейшель аралдарының соттарына берілуі мүмкін.