Голландиялықтар ұшатын автомобильдерді сатылымға шығарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нидерландының PAL-V фирмасы өздері құрастырған ұшатын машинаның екі үлгісін жаппай сатылымға шығарды,  деп хабарлайды ресейлік life.ru .

Голландиялықтар ұшатын автомобильдерді сатылымға шығарды

Олар ұшатын автомобиль жасауға 2009 жылы кіріскен еді. 2012 жылы алғашқы нұсқа әзірленді. Ал, 2017 жылы PAL-V фирмасы Liberty Pioneer және Liberty Sport атты екі үлгісіне тапсырыс қабылдап, шығара бастады.

Ұшатын көлік құрастырушылардың хабарлауынша, олардың өнімдері барлық қауіпсіздік талаптарына сай жасалған. PAL-V тұтынушыларының автомобильдері 2018 жылдың соңына қарай табысталады. Ол уақытқа дейін PAL-V өнімдері қолдану үшін толығымен сертификатталып бітеді.

PAL-V бас директоры Роберт Дингеманс өз өнімінің басты нарығы ретінде Солтүстік Американы атады. АҚШ, Канада, Мексика және Бермуд аралдарында ұшатын автомобильге тапсырыс берген тұтынушылар бар көрінеді.