Голландық журналистен апатқа ұшыраған MH17 жолаушысының сүйегі табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәуелсіз голландық журналист Михель Спеккерсте табылған сүйек Донецк маңында апатқа ұшыраған малайзиялық «Боинг-777» ұшағында қаза тапқан жолаушылардың біріне тиесілі, деп мәлімдеді голландық прокуратура.

Голландық журналистен апатқа ұшыраған MH17 жолаушысының сүйегі табылды

Lenta хабарлағандай, Спеккерс пен оның әріптесі Стефан Бек 2016 жылдың соңында апатқа ұшыраған малайзиялық «Боинг-777» ұшағын зерттеу мақсатында Донбассқа барады. Он күн өткесін, 7 қаңтар күні Нидерландыға қайтып келген соң құқық қорғау органы оларды әуежайда тоқтатады. Барлық жиналған материалдардан басқа, журналистерден видеокамера, фотоаппарат, телефондар, ноутбуктар, жады картасы, диктофон мен апат орнындағы таспалар алынды. Спеккерс пен Бек қамауға алынған жоқ.

12 қаңтар күні Нидерланды соты тәркіленген фотоматериалдардың тергеу жұмыстарында қолданылатыны жайлы үкім шығарды.

2014 жылдың 17 шілде күні MH17 рейсімен Амстердамнан Куала-Лумпурға бағытталған Malaysia Airlines әуе компаниясының «Боинг-777» ұшағы Донецкіде апатқа ұшырады. Бортағы барлық 283 жолаушы мен экипаждың 15 мүшесі қаза тапты, олардың көпшілігі Нидерланды азаматтары болған.