Голливуд актрисасы Линдсей Лохан жол апатына ұшырады
АСТАНА. 10 маусым. ҚазАқпарат - Танымал голливуд актрисасы Линдсей Лохан «Порше» көлігімен жүк машинасына соқтығысып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады Утро.ру.
Оқиға жұма күні күндіз Калифорния штатының Санта-Моника қаласының жағажайына тақау тас жолда орын алды.
«Лохан солтүстікке қарай жылжып келе жатқанда оның көлігі жүк машинасымен соқтығысты», - дейді полиция сержанты Ричард Льюис.
Оның атап өтуінше, жүк көлігінің жолаушылары зардап шекпеген. Ал актрисамен бірге оның көмекшісі болған.
«Апаттан кейін Лохан денесінің ауырып тұрғандығын айтқан. Жолаушысы да аздап зардап шеккен. Екеуі де ауруханаға жеткізілді», - деді полиция сержанты.
Естеріңізге сала кетейік, 25 жастағы Линдсей Лохан түрлі оқиғаларға басы шатылуымен ерекшеленеді. Бірнеше мәрте алкоголь мен есірткіге тәуелділіктен арылу үшін оңалту орталықтарында ем алған. 2007 жылы көлікті масаң күйде 2 рет басқарғаны үшін 3 жылға шартты түрде сотталып, кейін бұл мерзімі тағы бір жылға ұзартылған. 2011 жылдың ақпанында зергерлік бұйымдарды ұрлағаны үшін қоғамдық жұмыстарға жегілген. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, ол Лос-Анджелестегі Kamofie зергерлік дүкеніне жартылай бағалы тасты алтын алқаны қайтармаған. Танымал актрисаның осындай жайсыз оқиғаларға басы шатылғандығы турасындағы ақпараттар жетерлік.