Голливуд актрисасы үйін 4,8 млн долларға сатты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Актриса Мерил Стрип Голливудтағы үйін 4,8 млн.долларға сатты. Оның үйін New York Yankees бейсбол командасының ойыншысы Алекс Родригес сатып алды, деп жазады ИТАР-ТАСС.

Голливуд актрисасы үйін 4,8 млн долларға сатты

Екі қабатты үй 1954 жылы салынған. Зәулім үйде барлық жағдай жасалған.

«Темір леди» т.б атақты киноларда ойнаған Мерил Стрип үйін 7 млн. долларға сатқысы келген. Алайда ол бағаға ешкім келісе қоймапты.