Голливуд жұлдыздары тағы қазақша сөйлейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 31 шілдеде отандық кинотеатрлардың экранында қазақ тіліне аударылған «Галактика сақшылары» голливуд фильмі шығады, деп хабарлады «Болашақ» қауымдастығының баспасөз қызметінен.

Голливуд жұлдыздары тағы қазақша сөйлейді

«Галактика сақшылары» 2014 жылы қазақ тіліне тәржімаланған үшінші голливуд фильмі болмақ. Кинолента прокатқа қазақ және орыс тілдерінде 31 шілдеден бастап шығады», - делінген таратылған хабарламада.

Дубляжға 20 актер қатысқан. Қазақ тілді дубляжінің режиссері жас маман Тимур Балымбетов. Бастып кейіпкерлердің дауысын актерлер Гүлназ Әуесбаева (Гамора), Бауыржан Қаптағай (Грут) Тимур Пиязов (Питер Квилл), Ержан Жарылқасынов (Рокет), Руслан Сенкебаев (Дракс) және Бейбіт Қамаранов (Ронан) оқыды.

«Галактика сақшылары» - «Болашақ» қауымдастығы, MARWIN және демеушілердің ықпалдастығы аясында қазақ тіліне аударылған тоғызыншы фильм.

Осыған дейін қазақ тіліне аударылған фильмдер: Тачки 2/Көліктер-2, 2011 ж; Люди в черном III/Қара киімділер-3, 2012 ж; Храбрая сердцем/Батыл жүрек, 2012 ж; Новый Человек паук/Жаңа Өрмекші адам, 2012 ж; Университет Монстров/Монстрлар Университеті, 2013 ж; Одинокий рейнджер/Жалғыз рейнджер, 2013 ж; Жаңа Өрмекші-адам: Кернеген қуат, 2014 ж.; Малефисента, 2014 ж. ТРЕЙЛЕР - https://www.youtube.com/watch?feature=player_embedded&v=HQfCMshmegU