15:22, 24 Қазан 2015 | GMT +5
Голливуд жұлдыздарының әрлеушісі жұмбақ жағдайда үйінде қайтыс болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Голливудтың атақты адамдарының бет-жүзін әрлеп, боятын танымал визажист Джейк Бейлидің мүрдесі 23 қазанда Лос-Анджелестегі өз үйінде табылды, деп жазады «Variety» журналы.
Болжам бойынша, Бейли өз үйінде иіс тиіп қаза тапқан. Ал, БАҚ-тар оны өзіне қол салған деп жазды. Ер адамның жасы 37-де болған. Оны бұл қадамға қандай жағдай итермелегені белгісіз. Оның клиенттер тізімінде Кэтти Перри, Джулианна Мур, Наоми Уоттс, Кейт Мара, Оливия Уайлд және т.б. голливуд жұлдыздары бар.