Голливуд жұлдызы Астанада қыдырып жүр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдан шыққан Голливуд жұлдызы Бай Лин Астанада демалып жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Голливуд жұлдызы Астанада қыдырып жүр

Актер Instagram парақшасында Астана қаласында қалдырған естелік фото және бейне жазбаларын жүктеген. 

1 шілдеде Астанаға келіп жеткен актриса «Жазуға қарап, қай елде екенімді біле аласыңдар ма», - деп жазған Instagram парақшасына.

Фанаттардың бір бөлігі аэропорт қабырғасындағы «ВИП ұшып келу» деп қазақ, орыс және ағылшын тілінде жазылған жазуға қарап Ресей десе, енді бір бөлігі Қазақстан екенін танып жатыр.

Сондай-ақ, актер фанаттарына өзінің Қазақстанға алғашқы сапары екендігін, бұл жақтан көптеген фотолар мен бейне жазбалар жариялайтыны туралы  жеткізген.

«Жаңа ел, жаңа мәдениет және өмірге жаңа көзғарас. Қатты шаршадым және уақыт айырмашылығына не істесем болады», - деді ол фанаттарына.

Айта кетейік, Бай Лин 1968 жылы 10 қазанда Қытайдың Сычуань провинциясы Чэнду қаласында дүниеге келген. Актерлік жолын Қытайда бастаған ол 1990 жылы АҚШ-тың Нью-Йорк қаласына оқуға аттанады. Осылайша Бай Лин АҚШ азаматтығын қабылдап, Голливудтық киноларда өнер көрсетіп жүр. 

null

null

null

Публикация от realbailing (@realbailing) Июл 2 2017 в 2:54 PDT