Голливуд жұлдызы Леонардо Ди Каприо Лениннің рөлінде ойнауға құштар екенін айтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Голливуд актеры Леонардо Ди Каприо Лениннің рөлін ойнауды армандайтын болып шықты. Бұл туралы wordyou.ru сайтында жазылды.
Журналистерге берген сұхбатында актер Лениннің рөлін ойнауды жоспарлап жүргенін айтқан. Сондай-ақ, ол жаңа «Аман қалған» фильмі туралы өз пікірімен бөліскен.
Киносыншылар осы фильмдегі рөлі үшін Леонардо «Оскар» сыйлығына қол жеткізуі мүмкін екенін айтады. Өйткені, картина экстремалды жағдайларда түсірілген.