Голливуд жұлдызы Омар Шариф 83 жасында дүниеден озды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мысырлық танымал актер Омар Шариф 83 жасында дүниеден озды. Біраз уақыт бұрын Омар Шарифтің Альцгеймерге шалдыққаны жайлы хабарланған.
Омар Шариф 1932 жылы мысырлық Александрия қаласында ауқатты отбасында дүниеге келген. Оның шын есімі - Мишель Димитрий Шалхуб.
Актер саналы ғұмырында 50-ден астам фильмге түскен, батырлар мен тарихи тұлғалардың рөлін жиі сомдаған. Оның ішінде Шыңғысхан, Че Гевара, патша Николай II, князь Федор Ромодановский және т.б. белгілі тұлғалар бар.
2003 жылы әлемдік кинематографқа салмақты үлес қосқаны үшін Венеция кинофестивалінің «Алтын арыстан» жүлдесін алған.