Голливудта киноөнер саласының үздіктеріне «Оскар» сыйлығы табысталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың киноөнер академиясымен кинематография саласындағы үздік жетістіктері үшін бірқатар өнер иелері марапатталды, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.
Белгілі жапон аниматоры Хаяо Миядзаки кинематографиядағы үздік жетістіктері үшін «Оскар» сыйлығына ие болды. Сондай-ақ француз режиссері Жан-Клод Карьер мен ирландиялық актриса Морин О'Хара, американдық актер, әнші және қоғам қайраткері Гарри Белафонте осы беделді сыйлықтың лауреаттары атанды. Ерекше алтын мүсінмен марапаттау салтанаты Лос-Анджелесте өтті. Governors Awards салтанаты The Ray Dolby Ballroom театрында болды. Оған қонақ ретінде Бенедикт Камбербэтч, Кира Найтли, Риз Уизерспун, Кевин Костнер, Тильда Суинтон, Дженнифер Энистон қатысты. Айта кетейік, «Оскар» сыйлығы Американың киноөнер академиясының әлемге әйгілі марапаты болып табылады.