Голливудта өрмекші-әйел туралы фильм түсіріледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Sony Pictures кинокомпаниясы өрмекші-әйел туралы фильм түсіретін болды, деп жазады шетелдік БАҚ.
Жоспар бойынша, өрмекші-әйелге бұған дейінгі өрмекші-адамға жүктелген міндеттер жүктеледі. Бойына туа біткен ерекше дарыны мен парасаттылығының арқасында басты кейіпкер әділетсіздік пен жауыздыққа қарсы күреседі.
Картина сценарийінің авторы - Лайзе Джой, деп хабарлайды Myjane. Ол бұған дейін жарық көрген "Черная метка" фильмінің сценарийін жазған.
Бұл рөлге қызығушылық танытқан әртістер аз емес. Қазіргі таңда басты үміткер - «Галактика сақшылары» фильмі арқылы танылып үлгерген Карен Гиллан.