Голливудтағы «мафиоза жетекшісі» қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - 85 жасқа қараған шағында Лос-Анджелестегі өз үйінде голливудтық актер Роберт Лоджа қаза тапты, деп хабарлады ТАСС әртіс отбасының ақпаратына сілтеме жасап.
None
None

Лоджа 60 жыл бойы мафия және түрлі қылмыскер жеткішісі рөлдерінде ойнап, танымал болған.

Оны танымалдылыққа әкелген «Лицо со шрамом» (1983), «Честь семьи Прицци» (1985), «Офицер и джентльмен» (1982), «Шоссе в никуда» (1996) фильмдері.

«Зазубренное лезвие» (1985) картинасындағы рөлі үшін Лоджа екінші жоспардағы үздік актер ретінде «Оскар» сыйлығын алған.

Лоджа Нью-Йоркте 1930 жылы итальяндық босқын-сицилиялық отбасыда туылған. Фото: © EPA/GEORGE FREY

Соңғы жаңалықтар