Голливудте 2008 жылғы Кавказдағы соғыс туралы фильм түсіріледі

АСТАНА.  Тамыздың  5-і. ҚазАқпарат -   Голливудте  2008 жылғы Кавказдағы соғыс  туралы    фильм түсіріледі.   Голливудтық  режиссер  және   продюссер  Ренни  Харлин    былтыр   тамыз  айында Кавказда  болған   оқиға   туралы фильм түсіргелі  отыр.  

Голливудте  2008 жылғы Кавказдағы соғыс  туралы    фильм түсіріледі

Фильм түсірілімі   қыркүйек  айында  басталады,  деп хабарлайды ҚазАқпарат    «Маяк» радиостансасына сілтеме  жасап.

Ол  «антисоғыстық  драма»  болмақ. Фильм  сюжеті  әзірге жария етілмеген.

Ренни  Харлин    көрермендерге "Қатты жаңғақ-2" және «Терең көк теңіз»  деген фильмдерімен таныс.