Голливудте Рейган мен Горбачевтің келіссөздері жайлы фильм түсіріледі

АСТАНА. 31 тамыз. ҚазАқпарат - Голливудте 1986 жылы Рейкьявикте болған АҚШ президенті Рональд Рейган мен КСРО көшбасшысы Михаил Горбачевтің келіссөздері туралы фильм түсірмек, деп хабарлады Росбалт сайты.

Голливудте Рейган мен Горбачевтің келіссөздері жайлы фильм түсіріледі

Интернет-БАҚ-тың хабарлауынша, фильмде Рейганның рөлін 67 жастағы Майкл Дуглас сомдайды. Кеңестік президенттің рөлінде кім ойнайтыны әзірге белгісіз.

Рейган мен Горбачевтің кездесуі 1986 жылы 12 қазанда Исландия астанасында өтті. Көптеген тарихшылар бұл келіссөздер «қырғи-қабақ соғыс» дәуірінің аяқталуына негіз қалады деп санайды.