Голливудтың актері мұсылман дінін қабылдады

АСТАНА. 16 қазан. ҚазАқпарат - Белгілі ирланд актері Лиам Нисон жуықта Түркияға барған сапарында өзінің аңсаған арманына қол жеткізіп, Исламды қабылдады. Бұл туралы BAQ.KZ жазады. 
None
None

Оның Исламды қабылдауға ниет еткені бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған болатын. «Мен католик дінін көп зерделедім. Сөйтсе де кейбір сауалдардың жауабын таппаған едім. Мына өмірге не үшін келдік және әлемнің жаратылу мақсаты қандай деген өзімді толғандырған сауалдарға жауапты Исламнан таптым», - деді ол ағынан жарылып.

Осыдан біраз жыл бұрын «Исламды қабылдауым мүмкін» дегенді айтып қалған 58 жастағы актер жуықта Түркияға барған сапарында азан даусын естіп, түпкілікті шешімге келді, деп хабарлайды «Иран радиосы».
«Намаз жаныма жайлы әсер етті, ерекше сезім сыйлады. Түркияда жүргенімде намаз жайлы ролик көріп, оның әсерін өз басымнан өткердім», - дейді Нисон.

Солтүстік Ирландиядағы католик отбасында дүниеге келген ол балалық шағында жергілікті шіркеуде қызмет етеді. Тіпті, актердің есімі де әлдебір священниктің құрметіне қойылған екен.

«Алғашқы аптада күніне бес уақыт намаз оқу маған қиын тиді. Бірте-бірте намаздың жаныма жайлы әсерін сезіне бастадым әрі керемет әсер алатын болдым», - деді Нисон Исламды қабылдағандағы алғашқы әсерімен бөлісіп.

Лиам Нисон - Британ империясы орденінің кавалері әрі «Список Шиндлера», «Заложница», «Призрак дома на холме», «Звездные войны», «Банда Нью-Йорка», «Царство небесное», «Хроники Нарнии», «Бэтмен: Начало», «Реальная любовь» және т.б. фильмдер арқылы есімі елге белгілі тұлға.

Соңғы жаңалықтар