Голливудтың ең бай адамы аталды
АСТАНА. Шілденің 17-сі. ҚазАқпарат - Forbes журналының нұсқасы бойынша, 65 жастағы американдық кинорежиссер Джордж Лукас Голливудтың ең бай адамдарының тізімін бастап отыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Utro.ru сайтына сілтеме жасап.
«Жұлдызды соғыс» фильмінің режиссері бір жылда 170 миллион доллар табыс тауып, голливудтық бай жұлдыздардың тізімінде өзінің әріптесі Стивен Спилбергтен озып отыр. Лукастың дүние-мүлкі 3 милллиард доллардан асады.