16:50, 25 Желтоқсан 2016 | GMT +5
Головкин 2017 жылы барлық белбеулерді иеленеді деген болжам айтылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Bleacher Report америкалық басылымы 2017 жылдың бірнеше маңызы зор кездесулеріне болжам жасады, деп хабарлайды Sports.kz.

«18 наурыз күні Головкин өзі үшін аса маңызды Джейкобспен айқасып, нәтижесінде оны нокаутқа жібереді. GGG қыркүйекте Канелоны нокауттап, Golden Boy-ға Де Ла Хойяның онымен (Канело) не себепті тәуекелге барғысы келмегенін көрсетеді. Головкин барлық белдеулерді иеленіп, жылды аяқтайды», - деп жазады басылым.