16:30, 24 Маусым 2016 | GMT +5
Головкин 2017 жылы Қазақстанда жекпе-жек ұйымдастыруды жоспарлап отыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Головкин 2017 жылы Қазақстанда жекпе-жек ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Боксшының промоутері Том Леффлер The Ring басылымына алдағы бір жарым жылда Геннадий Головкиннің жекпе-жектерді өткізу жоспары туралы айтты, деп хабарлады Sports.kz.
Леффлердің ақпаратынша, Геннадий 2016 жылы екі рет шаршы алаңға шығуды, ал келесі жылғы қыркүйекке шегерілген Сауль Альвареспен жекпе-жекгіне дейін екі кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Олардың бірі GGG-нің Отаны Қазақстанда, 38 мың орындық стадионда өтуі мүмкін.
«Бұл оның үйдегі кездесуі болмақ. Оның орайы қай уақытта келетінін анықтауға тырысып, келесі жылы өткізу орынды деген ойға келдік», - деп атап өтті К2 Promotions атқарушы директоры.