Головкин Абель Санчесті Yahoo Sports нұсқасы бойынша «Жыл бапкері» аталымындағы жеңісімен құттықтады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бірнеше нұсқалар бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин өзінің жаттықтырушысы Абель Санчесті Yahoo Sports нұсқасы бойынша «Жыл бапкері» аталымында жеңіске жеткенімен құттықтады, деп хабарлады Sports.kz.
«Абель Санчесті Yahoo Sports нұсқасы бойынша жыл бапкері атануымен құттықтаймын! Ол бұл атаққа лайық адам», - деп жазды Геннадий өзінің шағын блогында.