Головкин АҚШ-тың батыс жағалауын «жауламақ»

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бокстан WBA нұсқасы бойынша чемпион - қазақстандық Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін АҚШ-тың батысындағы Лос-Анджелес қаласында өткізбекші, деп жазады Sports.kz.

Головкин АҚШ-тың батыс жағалауын «жауламақ»

«Келесі кездесуді Лос-Анджелесте өткізудің мүмкіндіктерін қарастырып жатырмыз», - дейді Том Леффлер. - Біз ылғи да Генаның батыс өңірде бокстасқанын қалайтынбыз. Онсыз да ол калифорниялық Big Bear базасында жаттығады. Бұдан былай Геннадийдің АҚШ-тық жанкүйерлерінің қатарын арттыруды көздеп отырмыз, қазірдің өзінде шығыста олардың саны аз емес».

Айта кетейік, жерлесіміз осы күнге дейін АҚШ-та өзінің 5 жекпе-жегін өткізіп үлгерді. Оның 4-еуі Нью-Йоркте, 1-еуі Коннектикутта өтті.

Сондай-ақ, GGG-нің жақын арада келесі кездесуінің уақыты жарияланады деп жоспарлануда. Болжам бойынша, ол қазан-қараша айларында өтеді. Қарсыласы әлі анықталған жоқ. Бір анығы, IBF чемпионы - австралиялық Сэм Солиман да, WBC чемпионы - пуэрторикалық Мигель Котто да бұл кездесуде қарсылас болмайды.