11:15, 28 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Головкин ақылы трансляция бойынша өз рекордын орнатты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикалық Сауль Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин ақылы трансляциялардың сатылымы (pay-per-view) бойынша жеке рекордын орнатты, деп хабарлайды Sports.kz.
Los Angeles Times таратқан ақпаратқа сүйенсек, Головкиннің «Канеломен» 16 қыркүйектегі айқасын 1,3 миллион HBO PPV жазылушысы тамашалаған. Алдыңғы екі PPV жекпе-жегінде Головкин 200 мыңдық көрсеткіштен аса алмап еді: 2015 жылы Давид Лемьеге қарсы айқаста 150 мың, ал 2017 жылы Дэниэль Джейкобспен жұдырықтасқанда 170 мың PPV жинаған болатын.