Головкин-Альварес айқасы PPV тарихындағы үздік жекпе-жектер тізіміне енді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Геннадий Головкин мен Сауль Альварес жекпе-жегі АҚШ-та 1991 жылдан бергі ақылы трансляциялардың үздіктерінің қатарына кірді.
None
None

Los Angeles Times таратқан ақпаратқа сәйкес, тең нәтижемен аяқталған GGG және «Канело» кездесуінде НВО арнасының 1,3 миллион PPV сатылымы тіркелген. Статистика бокс кездесулері pay-per-view жүйесімен тұрақты түрде ақылы трансляциялана бастаған 1991 жылдан бері жүргізіледі.

PPV кездесулердің рейтингінің басында 4,6 миллион PPV сатылған 2015 жылғы 2 мамырдағы Флойд Мэйвезер - Мэнни Пакьяо жекпе-жегі бастап тұр. Рейтингтегі қалған он бес жекпе-жек мыналар:

2. Флойд Мэйвезер - Конор Макгрегор (26 тамыз, 2017 ж.) - 4,4

3. Оскар де ла Хойя - Флойд Мэйвезер (5 мамыр, 2007 ж.) - 2,4 4

. Флойд Мэйвезер - Сауль Альварес (14 қыркүйек, 2013 ж.) - 2,2

5. Эвандер Холифилд - Майк Тайсон II (28 маусым, 1997 ж.) - 1,99

6. Леннокс Льюис - Майк Тайсон (8 маусым, 2002 ж.) - 1,97

7. Майк Тайсон - Эвандер Холифилд (9 қараша, 1996 ж.) - 1,59

8. Майк Тайсон - Питер Макнили (19 тамыз, 1995 ж.) - 1,55

9. Флойд Мэйвезер - Мигель Котто (5 мамыр, 2012 ж.) - 1,5

10. Мэнни Пакьяо - Хуан Мануэль Маркес III (13 қараша, 2011 ж.) - 1,4

11. Эвандер Холифилд - Джордж Форман (19 ақпан, 1991 ж.) - 1,4

12. Оскар де ла Хойя - Феликс Тринидад (18 қыркүйек, 1999 ж.) - 1,4

13. Флойд Мэйвезер - Шейн Мозли (1 мамыр, 2010 ж.) - 1,4

14. Фрэнк Бруно - Майк Тайсон II (16 марта 1996) - 1,37

15. Мэнни Пакьяо - Шейн Мозли (7 мамыр, 2011 ж.) - 1,34

16. Геннадий Головкин - Сауль Альварес (16 қыркүйек, 2017 ж.) - 1,3. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум