10:54, 15 Қаңтар 2018 | GMT +6
Головкин-Альварес айқасы үш кездесуге дейін созылуы мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - MMAMania.com сайты Головкин-Альварес ықтимал реваншына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.
«Алғашқы жекпе-жекте екі боксшы да 12 раунд бойы тамаша өнер көрсетті. Халықтың басым көпшілігі бұл кездесуде Головкин басым түсті деп санайды. Алайда жекпе-жек тең аяқталды. Осыны ескере отырып, бұл айқас трилогияға ұласады деген болжам жасамасқа болмайды», - деп жазады сайт.
Қос мықтының қарымта кездесуі 5 мамыр күні Лас-Вегаста өтеді деп жоспарланған.