Головкин-Альварес айқасына билеттердің сатылымынан 30 млн доллар түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Геннадий Головкин (37-0, 33 КО)  мен Сауль Альварестің (49-1-1, 34 КО) алда болатын жекпе-жегін ұйымдастырушылар билеттердің сатылымынан ғана 30 миллион доллар табыс тапты, деп хабарлайды Sports.kz Los Angeles Times журналисі Лэнс Пагмирге сілтеме жасап.
None
None

Айта кетейік, бағасы 300-ден 5 000 долларға дейін болған бұл айқастың билеттері шілде айының басында сатылып кеткен. Осылайша, билет сатылымы бойынша Лас-Вегаста өтетін Головкин - Альварес жекпе-жегі 72,2 млн доллар жинаған кіші Флойд Мэйвезер (50-0, 27 КО) мен Мэнни Пакьяо (59-7-2, 38 КО) айқасынан ғана кем түсіп тұр.

Мэйвезердің Альвареспен айқасына тоқталар болсақ, ол жекпе-жектің билет сатылымынан түскен қаржы 20 млн долларды құраған. Осы параметр бойынша Головкин - Альварес айқасы Мэйвезер - Конор жекпе-жегінен артта қалатын сияқты. 

Еске салайық, 16 қыркүйекте Геннадий Головкин мексикалық боксшы Сауль Альвареспен жұдырықтасады. Осы жекпе-жекте Альварес GGG-дің тек екі атағы - WBA мен IBF белбеулері үшін ғана таласады. Головкин ұтылып қалса, оның тағы екі белбеуі - WBC мен IBO бос қалып, оны басқа боксшылар өзара сарапқа салады. Ал қазақстандық боксшы жеңіске жетсе, төрт белбеуіне тағы The Ring журналының арнайы белбеуін қосып алады. Аталған басылым оны арнайы Альварес үшін шығарған болатын.

Уақыт айырмашылығына байланысты Қазақстанда жекпе-жектің тікелей көрсетілімі 17 қыркүйек күні таңертең көрсетіледі.

Соңғы жаңалықтар